
Дональд Трамп бүкіл әлем бойынша АҚШ визасына сұхбаттасуға жазылуды уақытша тоқтатты. Бұл шешім консулдық қызметтерді жаһандық деңгейде қайта ұйымдастыру және виза алуға өтініш берушілерді тексеру шараларын күшейту жұмыстарымен байланысты, деп хабарлайды Republic.
Сұхбаттасуға алдын ала жазылып қойған өтініш берушілерге электронды пошта арқылы кездесулерінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ оларға сұхбаттасудың жаңа күні мен уақыты кейінірек хабарланатыны ескертілген.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


