
Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы өту талаптарын бұзды деп айыпталған 45 кемені қара тізімге енгізді. Олардың арасында мұнай танкерлері мен газ тасымалдаушы кемелер бар.
Reuters мәліметінше, кеме иелеріне айыппұл салынып, кемелер ұсталып, жүктері тәркіленуі мүмкін. Тізімге БАӘ-нің ADNOC компаниясы мен Сауд Арабиясының Bahri тасымалдаушысына тиесілі кемелер де енген.
Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы экономикалық қысымды күшейтетінін мәлімдегеннен кейін қабылданды.
Дереккөз: @baq_kz


