Жылыту маусымына дайындық: 1300 шақырымнан астам сумен жабдықтау желілері жөнделді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Өңірлерде инженерлік инфрақұрылымды алдағы жылыту маусымына жоспарлы түрде дайындау жұмыстары жалғасуда. Автономды қазандықтардың дайындығы 98%-ға жетті. Сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Бүгінде сумен жабдықтау желілерінің жоспарланған 1 808 шақырымының 1 303 шақырымы жөнделді, бұл жоспарланған көлемнің 72%-ын құрайды. Жөндеу жұмыстары 6 өңірде толық аяқталды.

Су бұру желілері бойынша 225 шақырым жөндеу жұмыстары орындалды, бұл жоспарланған көлемнің 74%-ын құрайды. Жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік тарапынан автономды қазандықтардың дайындығына мониторинг жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, бүгінде 14 618 автономды қазандық, яғни 98%-ы дайындалды. 6 өңірде 100% дайындыққа қол жеткізілді. Бұл ретте автономды қазандықтарға арналған отын қорларының дайындығы: көмір бойынша – 69%, мазут – 88%, дизель отыны – 93%.

Дереккөз: @KZgovernment

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар