ҚҰРЫЛТАЙ – ХАЛЫҚ ҮНІ, ЕЛ БОЛАШАҒЫ!

Құрметті ағайын!

Құрылтай – елдің маңызды мәселелері ашық талқыланып, халықтың ұсынысы мен пікіріне мән берілетін маңызды алаң. Оның басты мақсаты – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді ортақ талқыға салу.

Құрылтайдың халық үшін пайдасы – қарапайым азаматтардың ұсыныстары мен көтерген мәселелерін мемлекеттік деңгейде жеткізуге мүмкіндік беруінде. Ауылдың жағдайы, білім мен денсаулық сақтау, жастар саясаты, әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және елдің болашағына қатысты басқа да мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс.

Халықтың үні естілген жерде – әділ шешім,
бірлік бар жерде – берекелі қоғам қалыптасады.

Сондықтан әр азамат ел тағдырына бейжай қарамай, өз ойын ашық айтып, қоғамдық мәселелерді шешуге белсенді атсалысуы маңызды.

Құрылтай – ортақ мақсатқа бастайтын ортақ алаң.
Ел болашағы – бәрімізге ортақ!

«Дауыс» өңірлік коалициясының байқаушысы Атамкулов Даурен Молдабекұлы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар