
Иран АҚШ-пен қақтығыс қайта ушыққан жағдайда Еуропадағы америкалық әскери нысандарға соққы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Financial Times Иран билігіне жақын екі дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Газеттің мәліметінше, ықтимал нысандардың қатарында Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы АҚШ әскери объектілері бар. Атап айтқанда, Болгариядағы «Безмер» әуе базасына ерекше ден қойылып отыр. Бұл базаны пайдалануға АҚШ-тың жанармай құю ұшақтарына өткен айда рұқсат берілген. Сондай-ақ Кипрдегі америкалық әскери базалар да ықтимал нысан ретінде қарастырылып жатқаны айтылды.
Financial Times мәліметінше, тиісті жоспарлар АҚШ Иран инфрақұрылымына жаңа соққы жасаған жағдайда ғана іске асуы мүмкін деген есеппен талқыланып жатыр. Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп Тегеран Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуыл жасауды жалғастырса, Иранның көпірлері мен электр станцияларын жоюға дайын екенін айтқан.
БАҚ хабарлауынша, Тегеранда қақтығыстың қайта ушығу ықтималдығы барған сайын жоғары деп бағаланып отыр. Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын толықтай қалпына келтіру туралы келіссөздер тығырыққа тірелді. Бұған дейін Трамп Иранмен жаңа келіссөздер жоспарланбағанын мәлімдеген.
Дееккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


