17 жастағы оқушы қыздың өлімі

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы облысында 17 жастағы оқушы қаза тапты. Ол 11-сынып оқушысы Ясмина Ізімжан. 

Марқұмның жақындарының сөзінше, қыз бұған дейін 19 жастағы жігітпен қарым-қатынаста болған. Осыған қатысты мұғалімі тарапынан қысымға ұшыраған. Отбасы мұның Ясминаның өліміне қатысы бар-жоғын тексеруді талап етіп отыр. 

Мұғалімі қызға ата-анасын мектепке шақырту, желідегі жарияланымдары үшін сотқа жүгіну сияқты ескертулер жасаған. Туыстарының сөзінше, қыз ақырында жігітпен араласуын тоқтататыны туралы жазбаша қолхат беруге мәжбүр болған.

Қыздың соңында қысқа ғана жазба қалған: «Анашым, әкешім, мен сендерді жақсы көремін. Менің басқа амалым болмады”, – деп жазған.

Қыздың қазасынан бері төрт ай өтсе де, тергеуде еш нәтиже болмаған. Ал қысым көрсетті деген мұғалім әлі де мектепте жұмыс істеп, балаларға сабақ беріп жүр. Осыған байланысты марқұмның туыстары әділдік сұрап отыр. 

Ал «Menin mektebim» жекеменшік мектебі өкілдері тергеуге көмектесіп жатқанын айтты.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар