
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңселерде құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуық болған.
Бір жеке сот орындаушысы 3 жыл ішінде — 139 млн теңге, тағы бірі — 26 млн теңге аударған.
Прокуратура мұндай әрекеттер маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келетінін және жеке сот орындаушылары институтына деген қоғам сеніміне кері әсер ететінін атап өтті.
Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Алматы облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды.
Дереккөз: 24kz


