
World Boxing президенті Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының базасына енгізілді. Оған қатысты жазба сайтта 15 тамыз күні пайда болған.
Головкиннің базаға енуіне World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қойылған шектеулерді алып тастауы себеп болған. Осы шешімнен кейін Ресей боксшылары халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұранын пайдаланып, ұлттық құрама атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Дереккөз: t.me/stankznews


