
Вашингтон Иранға қатысты экономикалық қысымды қайта күшейтуді жоспарлап отыр. Ол алдағы шаралар Иранға қарсы теңіз блокадасымен қатар жүзеге асатынын атап өтті.
«Келесі аптадағы хабарландыруларға назар аударыңыздар. Біз елді экономикалық оқшаулау тарихында бұрын-соңды болмаған шараларды қолданамыз», – деді АҚШ Қаржы министрі.
Алайда Бессент жоспарланып отырған шаралардың нақты қандай бағыттарды қамтитынын ашып айтпады.
Дереккөз: @baq_kz


