
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында Өзбекстанға 7,7 млн-нан астам шетел азаматы туристік мақсатпен барған. Өзбекстанның Ұлттық статистика комитеті тиісті ақпаратты жариялады.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда елге келген шетелдік туристер саны 1,4 млн адамға немесе 22,6%-ға артқан. Туристердің басым бөлігі Өзбекстанмен көршілес мемлекеттерден келген.
Келушілер саны бойынша Қырғызстан көш бастап тұр – 2,17 млн адам. Екінші орынға Қазақстан орналасты (1,85 млн адам). Яғни, Өзбекстанға барған әр төртінші шетелдік турист – қазақстандықтар. Ал Тәжікстаннан 1,72 млн турист барған.
Өзбекстанға туристер көп келген алғашқы он елдің қатарында Ресей (710,8 мың адам), Ауғанстан (281,2 мың), Қытай (269,7 мың), Түрікменстан (192,8 мың), Түркия (111,9 мың адам), Үндістан (32,4 мың адам) және Корея (26,5 мың адам) бар.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


