Сүт фермасындағы алты жұмысшының қазасы үшін депутат ұсталды

Фото: Ашық ақпрат көздерінен

Қайғылы оқиға 20 шілде күні Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы кәсіпорын аумағында болған. Өндірістік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде алты адам қаза тапқан. Ал бұл іске қатысты депутат әрі Aqtogai Milk кәсіпорнының иесі Александр Терентьев ұсталды. 

Іс бойынша жалпы үш күдікті ұсталған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар