Алматылық дәрігерлер 9-қабаттан құлаған әйелді 10 күнде аяққа тұрғызды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері 9-қабаттан құлаған 34 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды.

Әйел ауруханаға аса ауыр жағдайда, комада және жарақаттық шокпен жеткізілген. Оның басы, кеуде қуысы, жамбас және аяқ-қолдары ауыр жарақаттанған.

Науқасқа бірден анестезиологтар, травматологтар, нейрохирургтер және басқа да мамандар жұмылдырылды. Бірнеше күрделі ота жасалды.

Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында әйелдің жағдайы тұрақтанып, 10 күннен кейін ауруханадан шығарылды. Енді ол амбулаториялық ем алып, оңалтудан өтеді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар