
Зілзаладан 132 адам қаза тауып, тағы 570 адам жараланды. Жер сілкінісінің магнитудасы 7,4 балға жеткен.
1900 тұрғын із-түссіз жоғалған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Зілзала ел астанасы Боготада да сезілді. Тұрғындар ғимараттардан шұғыл эвакуацияланды. Ең қатты зардап шеккен қала — Кали. Бірнеше аймақтық әуежай жабылды.
Дүмпу көршілес Венесуэла мен Эквадорда да сезілген. Колумбияда төтенше жағдай жарияланды. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Дереккөз: 24kz


