Еуроодақ Ресейдің бұғатталған активтерінен 1,4 млрд еуроны Украинаға береді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен Украинаның аумағына жасаған соққыларды айыптап, Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыс есебінен Украинаға 1,4 млрд еуро бөлінетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуроодақ Ресейдің Орталық банкінің активтерін 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бұғаттаған болатын. Активтердің өзі бұғатталған күйінде қалады, ал олардан түсетін кіріс Украинаны қолдауға жұмсалады.

Еурокомиссияның дерегіне сәйкес, бұғатталған ресейлік активтерден жалпы көлемі 8 млрд еуро көлемінде қосымша табыс түскен. Ал уәде етілген 1,4 млрд еуроға келсек, бұл қаражат Киевке тікелей қаржылай көмек ретінде берілмейді. Активтерден түскен табыстың 95%-ы Украинаны несиелеу жөніндегі ынтымақтастық тетігіне, ал қалған 5%-ы Еуропалық бейбітшілік қорына бағытталады.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар