
Қазақстанда туристер санын анықтаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Енді Ұлттық статистика бюросы мобильді операторлардың деректерін пайдаланып, адамдардың қай өңірге барғанын және қанша күн болғанын есептейді. Бұл үшін адамның аты-жөні немесе телефон нөмірі қолданылмайды, тек иесіздендірілген мәліметтер пайдаланылады.
Жүйе адамның күнделікті жүретін бағытын туристік сапардан ажыратады. Мысалы, жұмысқа немесе үнемі барып жүрген жерге бару туризм ретінде саналмайды. Ал басқа қалаға немесе өңірге жасалған сапар есепке алынады. Шетелдік туристер Қазақстанда халықаралық роумингті пайдаланған кезде анықталады. Туристің қай жерде түнегені таңғы сағат 04:00-де тіркелген ұялы байланыс сигналы арқылы есептеледі.
Жаңа жүйе Қазақстанға қанша турист келгенін, олардың қай өңірлерге жиі баратынын және қанша уақыт болғанын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс қазіргі туризм статистикасын алмастырмайды, оған қосымша ақпарат көзі ретінде пайдаланылады.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_silkway


