Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі көкке көтерілді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Елордада жолаушы мінген EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті. Электр қуатымен қозғалатын eVTOL әуе аппараты «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі аясында сынақтан сәтті өтті.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, әуе кемесі 2 жолаушыны тасымалдайды; ең жоғары жылдамдығы – 130 км/сағ; ұшу қашықтығы – 35 шақырымға дейін.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның көрікті жерлері үстімен ұзақтығы 5–30 минут болатын туристік және демонстрациялық бағыттарды іске қосу жоспарланған.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qa

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар