Оқушылар жаңа оқу жылынан бастап жасанды интеллектіні меңгереді

Фото: ЖИ

1-4-сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5-11-сыныптардағы «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгертілді. Пәндердің мазмұнына жасанды интеллект бойынша жаңа бөлімдер енгізілді.

Бастауыш сынып оқушылары жасанды интеллектімен күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалдар арқылы танысады. Олар цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық негіздерін меңгереді.

5-9-сынып оқушылары жасанды интеллект құралдарын оқу процесінде тиімді қолдануды, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды үйренеді.

10-11-сыныптарда жасанды интеллектінің жұмыс істеу қағидаттарын түсінуге және оны практикада қолдануға басымдық беріледі. Оқу мазмұнына машиналық оқыту, нейрондық желілер, деректерді талдау және қолданбалы криптография негіздері енгізілген.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар