АҚШ-тың стратегиялық зымыран қоры сарқылуға таяды – БАҚ

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

АҚШ әскері Иранмен соғыс салдарынан жоғары дәлдіктегі ATACMS және PrSM жерүсті зымырандарының басым бөлігін пайдаланды. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басылымның хабарлауырша, әрқайсысының құны 1 миллион доллардан асатын жоғары технологиялық қарулар ықтимал қақтығыстарда аса маңызды құрал саналады. Тағы бір дереккөз АҚШ Tomahawk қанатты зымырандарының да шамамен жартысын қолданғанын мәлімдеді. Басқа да қару түрлерінің қоры азайып келеді.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) сарапшыларының есебіне сәйкес, биыл ақпан мен шілде аралығында Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандардың 65%-ға жуығы жұмсалған. THAAD жүйесіне арналған зымыран қоры 38%-ға қысқарған. Reuters-пен сөйлескен екі дереккөз бұл көрсеткіштердің АҚШ-тың ішкі мәліметтеріне сәйкес келетінін растаған. Десек те, АҚШ президенті Дональд Трамп қару тапшылығын жоққа шығарды. Ақ үйдің мәлімдеуінше, елдегі оқ-дәрі қоры қажетті көлемнен де асып түседі.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар