
Түркістан облысында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында 66 жастағы тұрғынның бейнежазбасы анықталды. Оның видеосында діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар.
Қазіргі таңда: Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Заң бұзу белгілері бар мәлімдемеге толық құқықтық баға беріледі.
ІІМ маңызды ескертуі: Сөз бостандығы жауапкершіліктен босатпайды!
Адамның ар-намысына тиюге, діни немесе әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуге заңмен тыйым салынған. Қоғамдық келісім мен бірлікке нұқсан келтіретін кез келген жария үндеу жауапқа тартылады.
Дереккөз: 24kz


