
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты тұрақты өсіп келе жатқанын баса айтты.
«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да тұрақты өсіп келеді. Бұған экономика салаларын кешенді мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қол жеткіздік. Ендігі міндет – ішкі нарықты отандық өніммен толықтыруды жалғастырып, өткізу нарықтарын кеңейту және қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарда неғұрлым белсенді ілгерілету. “Қазақстанда жасалған” ұлттық таңбасы тұтынушылардың сенімі мен жоғары сапа белгісіне айналуы тиіс»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Осыған байланысты Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов сауда желілерінің қазақстандық өндіріс тауарларын орналастыруға қатысты тәсілдерін қайта қарау қажеттігін және отандық тауарлардан бұрын импорттық өнімге басымдық беруге жол берілмейтінін айтты.
бір ай мерзімде халық арасында ең көп сұранысқа ие басым тауар санаттарын айқындау қажет. Әрбір санат бойынша ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін арттыруға арналған нысаналы көрсеткіштерді белгілеу керек;
Сауда желілерімен бірге отандық сауда маркаларын дамытып, қазақстандық өндірушілермен ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту қажет.
Дереккөз: @KZgovernment


