
Астанада бүгін басталатын жасанды интеллект бойынша халықаралық IOAI 2026 олимпиадасы Қазақстанның бұл бағыттағы әлеуетін көрсететін маңызды алаңға айналды. Бағдат Мусиннің мәліметінше, IOAI олимпиадасы – коммерциялық емес, халықаралық деңгейде мойындалған білім жарысы.
Бұл коммерциялық форматтағы байқаулардың бірі емес. Әлемдік физика, математика немесе информатика олимпиадалары сияқты халықаралық олимпиада. Мұнда мемлекеттер өз командаларын жіберіп, кейін жеңімпаздарын өздері марапаттайды, – деді ол.
Дереккөз: @baq_kz


