
Шу аудандық соты 2025 жылы төрт теміржолшы қаза тапқан апатқа қатысты үш қызметкерге үкім шығарды.
Тергеу мәліметінше, жөндеу жұмыстары қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүргізілген, ал пойыз машинисіне адамдардың жолда жүргені туралы дер кезінде хабарланбаған.
Сот пойыз диспетчерін 5 жылға бас бостандығынан айырып, екі теміржол қызметкерін 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Дереккөз: @baq_kz


