Алматыда камаз бен пойыз соқтығысты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Оқиға Түрксіб ауданындағы теміржол өткелінде болған. Қалалық полиция департаменттің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушісінің маневр жасау кезінде теміржол өткеліне шығып кетуі салдарынан болған. Осы кезде тоғыз вагоннан тұратын пойызбен қақтығыс орын алған.  

Апат салдарынан КАМАЗ жүргізушісі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.

Аталған факті Түрксіб  аудандық полиция басқармасында тіркеліп, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар