
Биыл елімізде 1,1 трлн теңгеден астам қаржыға 12 мың шақырым инженерлік желі жөнделеді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы дайындық кезеңінен нақты құрылыс жұмыстарына көшіп жатыр. 2026 жылы 8 кәсіпорын инфрақұрылымның аса жоғары тозу аймағынан орташа тозу санатына шығарылады.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


