
ҚМА облыстық департаменті ҰҚК және прокуратурамен бірлесіп, Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылы маңында заңсыз өндіріс орнын анықтады.
Заңсыз жұмыстар салдарынан қоршаған ортаға зиян келтірілген: топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедері өзгерген, өзен арнасына әсер еткен.
Алтын өндіру жұмыстары 30 гектар аумақта ауыр техника мен өндірістік кешендер арқылы жүргізілген. Заңсыз іске 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай азаматтары тартылған.
Тінту кезінде 40 тонналық 6 жүк көлігі, 4 экскаватор, тиегіш және алтынды өндіруге арналған 2 өндірістік кешен тәркіленді.
Тергеу жалғасып жатыр. Белгілі бір мәліметтер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Дереккөз: @afm_rk


