
Әрбір мемлекеттің болашағы оның азаматтарының белсенділігіне, жауапкершілігіне және ел тағдырына деген жанашырлығына байланысты. Құрылтай депутаттарын сайлау – осы жауапкершілікті нақты іс жүзінде көрсететін маңызды қоғамдық-саяси науқан.
Құрылтай депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, халықтың ұсыныс-пікірін жеткізуге және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға қатысады. Сондықтан бұл сайлауға қатысу – еліміздің болашағына қосылған маңызды үлес.
Әрбір азаматтың дауысы – ел дамуына әсер ететін маңызды шешімнің бір бөлігі. Сайлауға қатысу арқылы сіз өз құқығыңызды пайдаланып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосасыз. Азаматтық белсенділік – қуатты мемлекеттің сенімді тірегі.
23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасаңыз. Ел тағдырына бейжай қарамай, болашаққа бірге қадам басайық. Өйткені қуатты мемлекет – саналы таңдау жасаған азаматтардың қолымен құрылады.





