
23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл – қоғамның дамуына үлес қосатын азаматтарды таңдау арқылы еліміздің болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды қоғамдық-саяси науқан.
Әр азаматтың пікірі мен таңдауы құнды. Сайлауға қатысу – елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірліктің нығаюына қосылған нақты үлес. Бүгінгі белсенділік – ертеңгі жарқын келешектің кепілі. Сондықтан әрбір тұрғынды сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз.
23 тамызда өз таңдауыңызды жасап, ел болашағына үлес қосыңыз!
Бірге таңдайық! Бірге дамытайық!





