25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

«Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістер:

65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар енді екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс. Талап орындалмаса, көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылады.

Жол ережесін өрескел бұзған кейбір жүргізушілер теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Бұл талап қауіпті маневр, жылдамдықты бірнеше рет асыру, жолақ ауыстыру немесе басып озу ережесін өрескел бұзу сияқты жағдайларға қатысты.

Егер жүргізуші емтиханға 2 ай ішінде себепсіз келмесе, оның көлік басқару құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейеді. Мұндай жағдайда жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылады. Ал куәлігі жоқ азамат 8 жыл бойы жүргізуші куәлігін ала алмайды. ІІМ бұл өзгерістердің мақсаты — жол қауіпсіздігін арттыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау екенін атап өтті.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар