Алматы облысында жаңа туған үшем шетінеп кетті

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Отбасы дәрігерлер медициналық көмек көрсетуде қателік жіберген болуы мүмкін дейді. Оған қоса нәрестелердің өлімі туралы бірнеше сағаттан кейін ғана білген. Енді туыстары перзентхананы тексеруді талап етіп отыр.

Айдана Оразбаеваның туыстарының айтуынша, алты айлық жүктілігі асқынусыз өткен. 17-18 шілде түні суы кетіп, мерзімінен бұрын босанған. Алдымен оны тіркеуде тұрған Жамбыл аудандық ауруханасына апарған. Кейінірек Қаскелең перзентханасына жіберген. Таңғы сағат 7:00-де үшем дүниеге келді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін оларға екі нәрестенің шетінегені туралы хабарлаған.

Туыстарының айтуынша, жаңа туған нәрестелердің денелерін тапсырған кезде ресми құжаттар берілмеген. Екі нәрестені жерлеп келген соң үшіншісі де шетінеген.

Келіншектің туысы «Нақты біздің балаларымызды бергеніне сенімді емеспіз. Олар жай ғана оларды шүберекке орап, қорапқа салып, тапсырды» дейді. Ал үшінші нәрестенің денесі әлі күнге дейін қайтарылмапты.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар