
Бұл жағдай Астанада болған PrimeVill демалыс кешенінде болған. 24 жастағы жігіт бассейнде жүзіп жүргенде есінен танып, суға бата бастаған. Сол жерде демалып жүрген басқа адамдар оған алғашқы көмек көрсеткен.
Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте құтқарушы да, медицина қызметкері де, тіпті алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы да болмаған. Жедел жәрдемді де демалушылар өздері шақырған.
Қазір жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккен жігіттің анасы әділдік орнамаса, мұндай жағдайлар басқа демалыс орындарында да қайталануы мүмкін екенін ескертті.
Ал демалыс базасы қазір де жұмысын жалғастырып жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


