
Қайғылы оқиға Павлодар облысының Жоламан ауылындағы сүт фермасының аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған. Оқиға орнында дәрігерлер 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдардың қайтыс болғанын анықтады. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.
1988 жылы туған тағы бір ер адам аман қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол орташа дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасында ем алып жатыр.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.
Дереккөз: t.me/stankznews


