Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев білім жолында үздік нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында әкім өз сөзінде ауданның абыройын асқақтатқан білімді жастарға шынайы алғысын білдіріп, білім жолында алдағы уақытта биік белестерді бағындырып, ел үмітін ақтайтын мықты маман болып қалыптасуын тіледі. Сый көрсетілген жиын жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





