
СҚО-ның Жамбыл ауданында жүкті әйел қайтыс болды. Благовещенка ауылының тұрғындары мұғалімнің қазасына жолдың сапасыздығы себеп болды деп мәлімдеді.
Айтуларынша, 34 жастағы Дарима Сағдеевадан аяқ асты қан кетіп, жақындары жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем көлігі Пресновка мен Благовещенка ауылдарының арасындағы жолдың қатты бүлінуіне байланысты өте баяу жүруге мәжбүр болған. 37 шақырымдық жолды жедел жәрдем шамамен бір жарым сағатта жүріп өткен. Дәрігерлер уақытында жете алмаған.
Салдарынан жүкті әйел көз жұмып, іштегі сәбиін де аман алып қалу мүмкін болмады.
Дереккөз: 24kz


