
Өрт жексенбі күні түнде Чатучак ауданындағы ойын-сауық мекемесінде шыққан. Куәгерлердің айтуынша, өрт басталғаннан кейін ғимаратты қою түтін тез арада басып қалған. Көптеген келуші дәретханалар орналасқан артқы бөлікке қарай жүгіргенімен, ол жерде эвакуациялық шығу жолы болмаған.
Бангкок губернаторы Чадчарт Ситтипунттың айтуынша, жараланғандардың 22-сі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Дереккөз: @baq_kz


