Алаяқтарға шоттарын берген екі астаналық дроппер ұсталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Астанада 78 жастағы тұрғын телефон алаяқтарының құрбаны болды. Өзін мемлекеттік орган мен банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар зейнеткерді «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару керек» деп сендірген. Соның салдарынан ол барлық жинағын аударып, тіпті алтын әшекейлерін сатып, түскен қаржыны да алаяқтар көрсеткен есепшоттарға жіберген.

Полицейлер ақша түскен шот иелерін анықтап, 19 және 21 жастағы екі күдіктіні ұстады. Тергеу барысында олардың ақшалай сыйақы үшін өз банк шоттарын, SIM-карталарын, ұялы телефондарын, мобильді банк қосымшалары мен криптобиржа аккаунттарын алаяқтарға пайдалануға бергені белгілі болды.

Бірінің шотына – 1 млн теңге, екіншісіне – 2,5 млн теңге қылмыстық қаражат түскен.

Оларға қатысты дропперлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Есте сақтаңыз:

  • Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, логин мен құпиясөзді ешкімге бермеңіз.
  • Ақша үшін өз атыңызға банк шотын, SIM-карта немесе қаржылық сервистерді рәсімдеуге келіспеңіз. Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға беру арқылы өзіңіз де қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар