Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Данияр Елеусінов алкогольдік масаң күйде автокөлікті басқарып, Астана қаласының көшелерімен автокөлікті басқарып келе жатып 3 жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан жүргізуші:

  • жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соқтығысқан;
  • басқа автокөлікпен соқтығысып, инерцияның әсерінен тағы бір автокөлікке соғылған;
  • кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар