
Әлемдік мұнай бағасы 2,5 пайызға өсті. Оған Ормуз бұғазында шикізат тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуыл туралы ақпарат себеп болды. Брент маркалы мұнай фьючерстері баррелі 74 долларға жуықтады. Ал америкалық WTI айдың бағасы 70 доллардан асты.
Ормуз бұғазы маңында Қатардың сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкері мен Сауд Арабиясының мұнай танкері зақымданған. Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы кемелерге қарай зымыран ұшырғаны туралы хабар тараған. Қатар Сыртқы істер министрлігінің өкілі осы шабуыл үшін толық құқықтық жауапкершілік Иранға жүктелетінін мәлімдеді. Бұл – ақпан айының соңында басталған Ирандағы қақтығыстан бері Қатардың кемесіне жасалған алғашқы шабуыл.
Бұл ел бұған дейін Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздерде делдал қызметін атқарып келген. Иранның сыртқы істер министрі АҚШ тарапынан әскери қысым мен қоқан-лоқы жалғасқан жағдайда Тегеран мен Вашингтон арасында келіссөз өтпейтінін айтты. Бұған дейін Трамп келісім жасалмаса, «істі соңына дейін жеткіземіз» деп мәлімдеген еді.
Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай тасымалының шамамен бестен бірі өтетіндіктен, бұл аймақтағы кез келген әскери шиеленіс әлемдік энергия нарығына бірден әсер етеді.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


