
Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында TezJet ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың артқы шассиі ұшу кезінде істен шығып, ұшақ сол қанатына еңкейіп, ұшу-қону жолағына құлап түскен.
Бортта 181 жолаушы (152 ересек, 11 жасөспірім және 18 бала) және алты экипаж мүшесі болғаны хабарланды. Барлық жолаушылар ұшақтан тез арада эвакуацияланды.
«Бірнеше адам жеңіл жарақат алды, фельдшерлер әуежай терминалының бірінші қабатында, Ош секторының келушілер аймағында алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр. Өрт сөндірушілер мен әуежайдың төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта «Манас» халықаралық әуежайындағы барлық рейстер уақытша тоқтатылды, – деп атап өтті компания өкілдері.
Дереккөз: 24kz


