Жыл басынан бері Өзбекстан газ импортын 84% арттырды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, қамтылып отырған кезеңде табиғи газдың импорты 84,1%-ға өсіп, 724,7 млн долларға теңелді. Әсіресе, мамырда Өзбекстанның көгілдір отынға сұранысы артып, аталған ресурсты сатып алуға бір айда 216,4 млн доллар жұмсады.

Бұл ретте экспорт 29,6%-ға қысқарып, оның жалпы сомасы 202,9 млн доллар болды. Өзбекстан ақпанда шет мемлекеттердің нарығына көп көлемде ($92,7 млн) газ шығарды, ал мамырда бұл көрсеткіш 73,5 млн долларға дейін кеміді.

Еске салайық, былтыр Өзбекстан Ресей газының импортын 15%-ға арттырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда қаңтар-мамыр аралығында табиғи газ, мұнай және көмір өндірісі төмендеді.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/zhil-basinan-ber-ozbekstan-gaz-importin-84-arttirdi-7f879090

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар