Париждегі мәйітханаларда орын қалмады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Францияны бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлап, оның салдары ауыр болып жатыр.Париждегі мәйітханалар лық толған. 32 суық камераның өзі жетпей, қосымша мұздатқыш контейнерлер қою қажеттігі туындаған.

Жерлеу қызметтері күніне жүзден астам қоңырау қабылдайды, бірақ көпшілігіне орын жоқ болғандықтан көмектесе алмай отыр.

Соңғы бір аптада Францияда ыстықтың салдарынан 1400 адам қайтыс болған. Бұл әзірге тек жедел жәрдем мен ауруханалар тіркеген жағдайлар.

Қаза тапқандардың 85%-ы — 65 жастан асқан адамдар. Кейбірінің жанында соңғы сәттерінде ешкім болмаған.

Орын жетіспегендіктен, кей мәйіттер Парижден 80 шақырым жердегі Шартр қаласына жеткізіліп жатыр.

Сарапшылар климаттың өзгеруі жалғаса берсе, ғасыр соңына қарай Еуропада аптап ыстықтан болатын өлім-жітім күрт артуы мүмкін екенін ескертеді.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар