
Мехикода Мексика құрамасының футболдан ӘЧ плей-офф матчын кейінгі 40 жылда алғаш рет ұтқанын тойлау шарасы қайғылы оқиғамен аяқталды.
Жеңіске қуанған жүздеген мың жанкүйер көшеге шығып, думандатқан. Өкінішке қарай, 3 адам қалың нөпірдің ортасында тапталып, көз жұмды. Тағы біреуінің жүрегі тоқтап қалған.
Тергеу жүріп жатыр. Билік Англиямен матч алдында қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді қадағалауға көшті.
Дереккөз: 24kz


