
Ұлттық ұланның Орталық музейі ерекше құнды жәдігермен толықты. Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин музей қорына өз қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын сыйға тартты.
Бұл жаңалық Ұлттық ұланның елордалық 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Марлен Сұрамаев үшін айрықша мәнге ие. Ол бала кезінен Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін жіті бақылап, оның сабырлылығы, еңбекқорлығы мен чемпиондық мінезіне тәнті болып өсті.
Жуырда Марлен Құрмет қарауылы ротасының құрамында Геннадий Головкиннің есімі Даңқ залына жазылуына арналған құттықтау бейнеролигінің түсіріліміне қатысқан болатын. Ал бүгін ол спорт саңлағының музейге қолғабын табыстағаны туралы жаңалықты ерекше әсермен қабылдады.
Дереккөз: 24kz


