Германия әлем чемпионатынан шығып қалды

Фото: FIFA

29 маусым күні футболдан әлем чемпионатының алғашқы плей-офф кезеңінде сенсация тіркелді. Германия құрамасы Парагвайдан жеңіліп, ЧМ-2026 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды. Бұл туралы satmedia.kz тілшісі kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Матчтан кейінгі пенальти сериясында 3:4 есебімен есе жіберген Бундестим жарыс жолынан шықты.

Ойын барысында неміс футболшылары айқын басымдыққа ие болғанымен, есепті бірінші болып қарсыластар ашты. 42-минуттағы қарымта шабуылдардың бірінде парагвайлық шабуылшы Хулио Энсисо мергендік танытты. Дегенмен екінші тайм басталған бойда Германия таразы басын теңестіре алды. Кай Хаверц дәл соққы жасап, өзінің осы әлем чемпионатындағы үшінші әрі соңғы голын соқты.

Пенальти сериясы

Матчтың негізгі 90 минуты мен қосымша уақытында жеңімпаз анықталмады.

Бірінші экстра-таймның соңында төреші неміс қорғаушысы Йонатан Таның соққан голын есепке алмады.

Пенальти сериясында оңтүстікамерикалықтардың бағы жанып, ширек финалға жолдама алды.

Германия құрамасы үшін бұл турнир сәтсіздікпен аяқталды, ал Парагвай келесі кезеңде Франция мен Швеция арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

Дереккөз: kz.kursiv.media

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар