
ҚМДБ мәліметінше, мәһр – күйеу жігіттің қалыңдыққа өз еркімен беретін шариғи сыйы. Ханафи мәзһабында оның ең төменгі мөлшері – 10 дирхам. Бұл шамамен 4,25 грамм алтынның немесе соған тең қаражаттың құнына сәйкес келеді.
Оған қоса мәһр мөлшері күйеу жігіттің материалдық мүмкіндігіне сай болуы тиіс екен. Егер оны бірден төлеуге жағдайы болмаса, бір бөлігін неке кезінде беріп, қалғанын кейін өтеуге рұқсат етіледі, дейді мүфтият.
Дереккөз: t.me/stankznews


