Жастарды зиянды әдеттерден алыстатып, спортқа баулу мақсатында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Осы орайда, «Келес» спорт клубы түрлі спорттық жарыстар мен бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және олардың жоғары жетістіктерге жетуіне қолайлы жағдай жасап келуде.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Айгерім Айтбаева, Нұрболат Еркін





