Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, аудандағы журналистер мен медиа саласының өкілдерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында қоғам мен билік арасындағы алтын көпірге айналған бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы ерекше екені атап өтілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін





