
Оқиға Алматы облысы Кеген ауданында болған. Қаза тапқан азаматтың жеке басы анықталды. Ол Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Аслан Әлсеров есімді 37 жастағы қызметкер.
Оның денесі Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр қашықтан табылған. Мұны полицияға мал іздеп жүрген шопан хабарлаған. Мәйіт түгелдей жанып кеткен. Ал оң қолынан өртенген арқанның қалдықтары табылған.
Тергеу дерегінше, қылмыс полицейдің қаладағы пәтерінде жасалған болуы мүмкін. Кейін қылмыстың ізін жасыру үшін мәйітті өртеген. Қазір марқұмның жұбайы күдікке ілінді. Ол да бұрын полиция қызметкері болған. Оның іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ал 14 жастағы ұлы куәгер деп танылды. Іс бастапқыда «Кісі өлтіру» бабы бойынша тергелген.
Кейін ауыр қылмыс құрамына қайта сараланған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


