Келес ауданында жыл басынан бері суға кету деректері алаңдаушылық туғызуда. Ресми мәліметке сәйкес, осы уақыт аралығында бес адам суға кетіп, қайғылы жағдаймен көз жұмған. Өкінішке орай, олардың төртеуі – буыны қатпаған бозбала. Бұл жағдай тұрғындардың су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін көрсетіп отыр.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы





