Министр елімізді «штрафстан» дейтіндерге жауап берді

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың сөзінше, жаза заң бұзғандарға ғана қолданылады.

«Кез келген жазалау тәжірибесінің басты мақсаты – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік үшін жағдай жасау. Өкінішке қарай, кей азаматтар “жаман” дегеннің не екенін тек қалтасына ауырлық салғанда ғана түсінеді», – деді ол.

Министр айыппұлдар заңды сақтайтын азаматтарға қолданылмайтынын, тек ережені әдейі бұзғандарға салынатынын айтты. Оның сөзінше, мұндай құқықбұзушылықтар өзге адамдарға сабақ болуы керек. Министр жасөспірімдердің Ұлытау облысында стадиондағы орындықтарды қирату, Астанада саябақтарды өртеу оқиғаларын мысалға келтірді. Ол заңмен жүретін адамға қорқып, ақталудың қажеті жоқ екенін айтты.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар