ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ, ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Сарыағаш ауданында Әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараның басты мақсаты – әкенің отбасындағы және қоғамдағы маңызды рөлін насихаттау, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін дәріптеу және өнегелі әкелердің еңбегін көпшілікке үлгі ету болды.

Іс-шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген, отбасылық құндылықтарды сақтап, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келе жатқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, оларға арнайы сый-сияпаттар табысталып, еңбектері мен өмірлік ұстанымдары көпшілік алдында жоғары бағаланды.

Әке – әр отбасының қорғаны, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісі. Әкенің тәлімі мен өнегесі ұрпақтың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан да әкенің қоғамдағы орны ерекше, ал оның еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Мерекелік жиын барысында отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас буынға дұрыс тәрбие беру мәселелері кеңінен айтылып, әке мәртебесін арттырудың маңыздылығы сөз болды.

Әкеге көрсетілген құрмет – отбасыға көрсетілген құрмет. Осындай тағылымды шаралар қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызын арттырып, өнегелі әкелердің тәжірибесін насихаттауға мүмкіндік береді.

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар